Хабиба Елебекованы ақтық сапарға шығарып салды

Хабиба Елебекованы ақтық сапарға шығарып салды

Хабиба Елебекованы ақтық сапарға шығарып салды
ашық дереккөзі
101 жасына қараған шағында дүние салған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Мәдениет үздігі» төсбелгісінің иегері Хабиба Қарақбайқызы Елебекованы Алматы жұрты, зиялы қауым, ағайын- туыстары бүгін ақтық сапарға шығарып салды. Марқұммен қоштасу М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында өтті. Хабиба Елебекова 1916 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Томар ауылында дүниеге келген. 1934-35 жж. Қарқаралы халық театрында қызмет істеген. 1935-37 жж.  М. Әуезов атындағы драма театр  жанындағы екі жылдық студияны бітірген. «1935 ж. бері М. Әуезов театрында үзіліссіз қызмет етті. Белгілі актриса 1935 жылғы алғашқы қадамын қазақтың кәсіби театр режиссері Ж. Шаниннің өзі жазып, өзі қойған «Арқалық батыр» тарихи драмасындағы» Қаракөзден бастап, қара шаңырақ театрда ұлттық құнары мықты көптеген роль жасады»,  – делінген театр сайтында.