Қазақстанда 3 млн тоннадан аса арпа жиналды

Қазақстанда 3 млн тоннадан аса арпа жиналды

Қазақстанда 3 млн тоннадан аса арпа жиналды
ашық дереккөзі
Қазақстанда бүгінгі күнге дейін 3263,6 мың тонна арпа жиналды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі. Бұл көрсеткіш былтырғы өнімімен салыстырғанда 594 мың тоннаға артық. Үстіміздегі жылы арпа 1 897,2 мың га алқапқа егілді. Қазіргі кезде 99,6 % алқап орылды. Биылғы орташа түсімділік 1 га 17,3 центнерге жетіп отыр. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2015 жылы түсім 1 га 13,5 центнерден келді. Сонымен қатар, республика бойынша қарақұмық жинау науқаны аяқталды. Қорытындылай келгенде, шаруалар осы өнім түрінің 100 мың тоннасын бастырды. Түсімділік 1 га 10,1 центнерді құрады. Айта кетейік, еліміздің 7 облысында шаруалар қарақұмық егумен айналысады. Негізінде республиканың солтүстік өңірлерінде өсіріледі. Тағы бір айта кетерлік жайт, ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов Үкімет отырысында келешекте егіс алқаптарының құрылымында айтарлықтай өзгерістер болатынын ескерткен еді. Алдағы жылдары егіс алқаптарындағы астық көлемі 2 млн гектарға азайып, майлы дақылдар егісінің ауқымы артады.