Берлинде "норманд төрттігі" басшыларының кездесуі аяқталды

Берлинде "норманд төрттігі" басшыларының кездесуі аяқталды

Берлинде "норманд төрттігі" басшыларының кездесуі аяқталды
ашық дереккөзі
Германия, Ресей, Украина және Франция басшылары Берлин қаласында бас қосып, Донбастағы жанжалды реттеу жолдарын талқылады.
Украина президенті Петр Порошенко кездесу нәтижесінде Донецк және Луганск облыстарына ЕҚЫҰ қарулы миссиясын жолдау туралы келісім қабылданғанын мәлімдеді. Порошенконың айтуынша, Минск келісімі бойынша дайындалған "жол картасын" "норманд төрттігі" сыртқы істер министрлері қараша айында бекітуі тиіс. Берлин қаласындағы алты сағатқа созылған келіссөздерден соң Германия канцлері Ангела Меркель: "көздеген мақсатқа жете алмадық", деп мәлімдеді, бірақ жаңа жол картасы тараптарға 2015 жылғы Минск келісімінің ережелерін әрі қарай орындауға мүмкіндік береді. Бұған қоса келіссөзге қатысушылар жауласушы тараптар арасында бітім аймақтарын құруға, сонымен бірге гуманитарлық жағдайды жақсартуға келісті. "Осындай келіссөздерді уақыт күттірмей тағы өткізу керек", - деп мәлімдеді Меркель. Украина президентінің хабарлауынша, Донбастағы майдан шебіндегі төрт аумаққа әскер жеткізу келісілді. Ал ЕҚЫҰ полиция қызметінің Украинаның шығысына енгізілуі - ұйым бақылаушыларына қару ұстауға және барлық аймақтарды аралауға мүмкіндік береді.