Қытайдағы қазақтар әлемдегі ең үлкен киіз үйді тікті

Қытайдағы қазақтар әлемдегі ең үлкен киіз үйді тікті

Қытайдағы қазақтар әлемдегі ең үлкен киіз үйді тікті
ашық дереккөзі

Алып киіз үйді Шыңжаңның Мори ауданында тұратын қазақтар жасаған. Киіз үйдің жалпы диаметрі 1175 м², биіктігі 18,5 метр, күлдіреуіштен басқұрға дейін 13,5 метр. Керегесінің биіктігі 5 метр, уықтың ұзындығы 6 метр алып ақ орданың шаңырағының диаметрі 8,5 метр, - деп жазады bnews.kz сайты.

Ал, киіз үйдің төріне салынған сырмақтың диаметрі 32 метр, айналма ұзындығы 101 метр, жалпы көлемі 803,8 м². Оған 2000 адам малдас құрып отыруға болады екен.

«Меруерт» кестешілік коперативі шебері жааған үй мен оған жайылған алып сырмақты тігуге қажетті материалдар үшін 5 млн юаннан (шамамен 850 мың АҚШ доллары) аса қаражат жұмсалған. «Меруерт» кестешілік коперативінің басшысы Азат Әбейұлының айтуынша, тек сырмақты тігуге 32 адам 3 ай уақыт жұмсаған.