Қазақстанда 2018 жылы Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтеді

Қазақстанда 2018 жылы Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтеді

Қазақстанда 2018 жылы Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтеді
ашық дереккөзі
2016 жылдың қазан айында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 24-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі және XXIV World Mining Congress & Expo 2016 (WMC) тау-кен өнеркәсібі үшін мамандандырылған технологиялар мен жабдықтар көрмесі өтеді. Аталмыш шараға әлемнің түпкір-түпкірінен 4500-ден астам маман қатысады, деп хабарлайды Дүниежүзілік тау-кен конгресінің баспасөз қызметі. Іс-шара аясында 2018 жылы Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу құқығының эстафетасын салтанатты түрде Қазақстанға тапсыру рәсімі болады. Қазақстан делегациясының құрамына мемлекеттік құрылым мен ірі тау-кен металлургиялық кешен компанияларының өкілдері кіреді. «2018 жылы Қазақстанда Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу еліміздің тау-кен саласы бойынша инвестициялық әлеуетін айшықтауға, әлемдік және бастауыш компанияларды тартуға мүмкіндік береді. Астанада осыған дейін жеті рет тау-кен металлургиялық конгресін өткіздік. Бізде үлкен масштабта халықаралық іс-шара ұйымдастыру тұрғысынан мол тәжірибе бар», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары - 2018 жылы ДТК Ұлттық ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары А.Рау. Қазақстандық делегация әлемдік тау-кен өндіру компанияларының, тау-кен институттары мен университеттерінің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізетін болады. Онда ғылыми саладағы өзара іс-қимылдар мен бірлескен жобалардың жайы талқыланады. Сонымен қатар, Қазақстанның Тау-кен металлургиялық әлеуетін таныстырып, 2018 жылы Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу кезеңдеріне дайындық мәселелерін талқылайтын жабық жиын өтеді. ҚР ИДМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұдан бөлек, қазақстандық делегацияның Рио-де-Жанейроға барғандағы мақсаттарының бірі халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанға әлемдік тау-кен бизнесі мен ғылымын тарту болып табылады. Еске сала кетейік, 2013 жылы Монреалда Дүниежүзілік тау-кен конгресінің 23-і отырысы өткен болатын (World Mining Congress 2013).  Ол кезде Қазақстан Республикасының өтініші ретінде күн тәртібіндегі бір мәселе 2018 жылы Астанада 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу болатын. Конгресті ұйымдастыру комитетінің мүшелері бірауыздан Қазақстанның өтінішіне қолдау білдіріп, дауыс берді.