Brent маркілі мұнай баррелінің құны 51 доллардан асты

Brent маркілі мұнай баррелінің құны 51 доллардан асты

Brent маркілі мұнай баррелінің құны 51 доллардан асты
ашық дереккөзі
Әлемдік мұнай бағамы өсті, оған ОПЕК елдерінің мұнай нарығын тұрақтандыру үшін бірлескен іс-қимыл жасасу туралы келісімі әсер етті. Қор нарығындағы сауда осыны көрсетті, деп хабарлайды Gazeta.ru. Желтоқсан айының фьючерстерінде солтүстіктеңіздік Brent маркілі мұнай қоспасының құны 1,67%-ға артып 19 тамыздан бері алғаш рет барреліне 51 доллардан асты. Қараша айының фьючерстерінде WTI маркілі мұнай құны 0,95%-ға өсті, ол да 5 шілдеден бері алғаш рет барреліне 49 доллардан жоғары бағалануда.