8 облыста несиелік құрылысқа бөлінген қаржы игерілмеген

8 облыста несиелік құрылысқа бөлінген қаржы игерілмеген

8 облыста несиелік құрылысқа бөлінген қаржы игерілмеген
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев несиелік құрылысқа тартылған қаржыны игеру бойынша жұмыс басталмаған 8 облысты атады. Министрдің айтуынша, биыл несиелік тұрғын үй құрылысына жергілікті атқарушы органдар облигацияларды шығару есебінен 41,7 млрд теңге қарастырды, нақты 38,2 млрд теңгеге облигациялар шығарылды. Облигация сомасының төмендеуінк Павлодар (1,6 млрд теңге), Қостанай (1,2 млрд теңге), Алматы (558 млн теңге) және Атырау облыстарының (69 млн теңге) әкімдіктері жол берген. «Бұдан өзге, бүгінде тартылған қаражатты игеру Алматыда 17 нысан бойынша, 11 нысан бойынша ОҚО-да, алты нысаннан - Алматы мен Атырау облысында , төрт нысаннан - БҚО, Маңғыстау және Павлодар облыстарында, үш нысан бойынша - Қарағанды облысында және екі нысан бойынша ШҚО-да әлі басталмаған», - деп мәлімдеді Қ.Бишімбаев. Сондай-ақ, ҚР ҰЭМ басшысының баяндамасын сәйкес, ағымдағы жылы жергілікті тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (ИКИ) жүргізу үшін 110,9 млрд теңге бөлінді. ИКИ құрылысына бөлінген қаржыны игеру бойынша Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары жақсы көрсеткішті көрсетіп отыр. Ал қаржыны игерудің төмен көрсеткіші Алматы, Жамбыл, Батыс және Оңтүстік Қазақстан және Астанада байқалып отыр. Қ. Бишімбаевтың айтуынша, әкімдіктер құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, жыл соңына дейін қаржыны толық игерулері керек.