Клинтон алғашқы пікірталаста жеңіске жетті

Клинтон алғашқы пікірталаста жеңіске жетті

Клинтон алғашқы пікірталаста жеңіске жетті
ашық дереккөзі
Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтон өзінің қарсыласы – республикашылар өкілі Дональд Трампты алғашқы пікірталаста айқын басымдықпен жеңді. Пікірталас қорытындысы бойынша CNN жүргізген сауалнама нәтижесінде Клинтон – 62, ал Трамп 27 пайыз дауыс жинаған. Президенттікке үміткерлердің алғашқы пікірталасы АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Хофстра университетінде өтті. 90 минутқа созылған пікірталаста үміткерлер елді қандай бағытта дамыту керектігі және қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету қажеттігі жөнінде өз ойларын ортаға салды. CNN пікірталаста Хиллари Клинтонның өзін ерекше сенімді ұстағанын жазды. «Дональд мені пікірталасқа дайындалды деп сынады. Иә, мен расында да дайындалдым. Тағы неге дайын екенімді білесіздер ме? Мен президент болуға дайынмын»,– деді ол.