Қазақстанның қауіпсіздік кеңесіне сайлануы - тәуелсіздік жетістігі

Қазақстанның қауіпсіздік кеңесіне сайлануы - тәуелсіздік жетістігі

Қазақстанның қауіпсіздік кеңесіне сайлануы - тәуелсіздік жетістігі
ашық дереккөзі
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануын халықаралық тұрғыда парасаттылық ретінде танып және тәуелсіздігіміздің жетістігімен біздің сыртқы саясаттың кемелденуі деп қарастырамыз, деп мәлімдеді Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-сессиясы барысында Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов деп хабарлайды ukimet.kz. Е.Ыдырысов сөз барысында Қазақстанның сыртқы саясаты диалог пен өзара түсіністік билігінде еліміздің сенімінің терең-тамырының бір көрінісі болып табылатындығын айтты. «Диалогқа шақыру Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» Манифесінің орталық мазмұны болып табылады және ол бұрындары Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеяның ресми құжаты болды. Манифес әлемге батыл, шынайы көзқарасты ұсынады», - деді министр. Аталмыш мәнмәтінде Е.Ыдырысов Мемлекет басшысының әлемде 2045 жылы Ұйымның жүз жылдық жетістіктері бойынша үндеуін еске салды. Е.Ыдырысов Бас Ассамблеяға ағымдағы жылдың қараша айында Астана саммитін өткізу туралы ақпаратты айтты. Бас Ассамблеяға біздің ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы жайлы айта келе, Е.Ыдырысов «1991 жылдары кейбір бақылаушылар Қазақстанның көп этникалық және көп халықтық санын, тұрақсыз экономикасын, үлкен материалдық және әскери инфрақұрылымының моральдық ауыртпалығы мен оның ядролық арсеналын ескеріп, біздің еліміздің егемен мемлекет ретінде аяққа тұра алатын қабілеттілігіне күмәнмен қарады»,- деп айтып өтті. Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы хабарлағандай, ҚР СІМ басшысы Бас Ассамблеяның 71-сессиясына қатысуы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жаһандық бейбітшілік бастамаларын одан әрі ілгерілетуге үлес қосты. Сондай-ақ, Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігіне сапалы дайындалуға септігін тигізді.