2 мыңнан астам кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін

2 мыңнан астам кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін

2 мыңнан астам кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін
ашық дереккөзі
Қазақстанда банктік займдар бойынша банкроттық рәсімдер кезеңіндегі кәсіпорындардың берешегі 286 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасының жетекшісі Айгүл Уәлиева мәлім етті. «Банктік несиелер бойынша борышкерлердің қарыздарына тоқталатын болсақ, банкроттық кезеңдегі кәсіпорындардың қарызы 286 млрд. теңгені құрады. Бұл борышкерлерге қатысты банктер жариялаған несиелер көлемі. Мәліметтер 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жасалды»,-деді А. Уәлиева. Оның сөзіне қарағанда, биыл Қазақстанда 2 мыңнан астам кәсіпорын банкроттық рәсімдер кезеңінде тұрған көрінеді. Сонымен бірге 2016 жылдың 9 айында банкроттар саны біршама мөлшерде ғана өсті, яғни 2015 жылда 1900 кәсіпорыннан биыл 2247-ге дейін жетті. Нақтырақ айтқанда, бүгінде 2247 борышкерге қатысты банкроттық рәсімі қолданылуда. Талаптардың жалпы сомасында негізгі үлес салықтық қарыздарға тиесілі.