Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Бас мүфти Ержан Маямеровпен кездесті

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Бас мүфти Ержан Маямеровпен кездесті

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Бас мүфти Ержан Маямеровпен кездесті
ашық дереккөзі
Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан Маямеровпен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар дін саласындағы өзекті мәселелер және мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы әрекеттесуге қатысты пікір алмасты. Министр өз сөзінде ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының нормаларына сәйкес діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең екендігін атап өтті. Н.Ермекбаев Діни басқарма тарапынан діни бірлестіктің қызметін келешекте жетілдіруге қатысты қабылданған және жүзеге асырылудағы біршама концептуалды құжаттардың маңызды бастама екендігі туралы пікірін білдірді. Министр діни экстремизмнің профилактикасы бойынша министрлік пен ҚМДБ арасындағы өзара әрекеттесу мәселелерінің маңыздылығын атап өтті. Бас мүфти өз тарапынан мемлекет пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасындағы қалыптасқан конструктивті қарым-қатынасқа тоқталды. Діни басқарманың төрағасы мұсылмандардың рухани қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру және әлеуметтік жобаларды іске асыру, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың таралуына жол бермеу мақсатында барлық қоғаммен бірлесіп ат салысу діни бірлестік үшін аса маңызды болып табылатынын атап өтті. Қазақстан мұсылмандарының басшысы имамдық корпустың жоғары білікті кадрларын даярлау және еліміздегі теологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мәселелерін маңызды міндет ретінде белгіледі.