Бибігүл Төлегенова вокалистерінің VIII Халықаралық байқауы өтеді

Бибігүл Төлегенова вокалистерінің VIII Халықаралық байқауы өтеді

Бибігүл Төлегенова вокалистерінің VIII Халықаралық байқауы өтеді
ашық дереккөзі

  Қыркүйектің 19-ы мен 27-сі аралығында Алматы қаласында Бибігүл                  Төлегенова вокалистерінің VIII Халықаралық байқауы өтеді

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығы қарсаңында Бибігүл Төлегенова вокалистерінің халықаралық сегізінші байқауы өтеді. Бұл шара тәуелсіз Қазақстан жас әншілерінің биік талғамын, өнерге деген терең түсінігін қалыптастыруды мақсат етеді. Халықаралық байқау жас өнерпаздардың назарын классикалық және халық әндеріне аударып, оларды нағыз өнердің бұлағынан сусындауға шақырады. Ән сайысы жаңа таланттардың есімін анықтап, қазақ классикалық өнерін асқақтады әрі жастардың рухани кемелденуіне көмектеседі. Халқымыздың мәдениеті мен оның жан-дүниесін қалтқысыз тануға жол ашатын таңдаулы туындылар орындалады. Оған қоса, Қазақстан композиторлары шығармашылығынан да халық әндеріне ұқсас туындылар ұсынылады. Іріктеу кезеңі және ақтық сайыс Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония залында, ал ашылу және жабылу салтанаты Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында өтеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен (Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Башқұрстан, Литва, Ресей, Германия, Чехия, Моңғолия, Болгария) және еліміздің барлық аймағынан опера саласының 65 әншісі бас қосады. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Бибігүл Төлегенова вокалистерінің халықаралық байқауы тек қана өнер сайысы емес. Ол Алматы қаласы мен қонақтары асыға күтетін ән мерекесіне айналып кеткен. Конкурсқа 1984 жылдың 1 қазаны мен 1997 жылдың 1 қазаны аралығында өмірге келген өнерпаздар қатыса алады. Байқау іріктеу және ақтық кезеңнен тұрады. Барлық тыңдалым ел алдында өтеді. Әншілердің сахнаға шығу реті жеребе арқылы анықталады. Ал соңғы ақтық кезеңде 12-14 қатысушы бақ сынап, сайысқа түседі. Халықаралық байқау қатысушыларының өнері мен талантын беделді әрі кәсіби білікті мамандардан құралған әділқазылар бағалайды. VIII  Халықаралық вокалистер байқауы әділқазылар алқасының төрайымы – СССР халық артисі, Социалистік еңбек Ері, СССР және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академика Бибігүл Төлегенова. img_1949  Ал қазылар құрамына опера өнерінің нағыз майталмандары қосылды:
  1. Мунтиан Михаил Иванович – СССР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Республика Орденінің иегері, Молдава Театр музыкасы және бейнелеу өнері Академиясы жеке және опералық өнер көрсету кафедрасының меңгерушісі, профессор. (Молдова)
  2. Новиченко Тамара ДмитриевнаРесей Еңбек сіңірген артисі, Санкт-Петербург консерваториясының Еңбек сіңірген артисі. (Ресей)
  3. Доманский-Кремлинг Ингрид – Халықаралық байқаулардың лауреаты, Гамбург театры мен музыка университетінің профессоры. (Германия)
  4. Орлин Горанов – Халықаралық байқаулардың лауреаты, София және Бургас опера театрының солисі. (София, Болгария)
  5. Дамир Басыров – Прага операсының солисі, Коми Республикасының халық артисі. (Чехия)
  6. Елена Заремба – Халықаралық байқаулардың лауреаты, Опера майталманы. (Люксенбург)
 Халықаралық деңгейдегі өнер иелері қатысушылардың өнерін бағалап, олардың орындауларына қатысты жеке-жеке көзқарастарын білдіреді. Сондай-ақ, жастарға бағалы ақыл-кеңестерін де айтады. Халықаралық конкурстың Бас серіктесі – «SAMRUK KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Ал ұйымдастырушы – «Мирас» қоғамдық қоры. Сондай-ақ, вокалистердің халықаралық сегізінші байқауын өткізуге Алматы қаласы әкімдігі қолдау білдірді. Ұйымдастыру комитеті: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бұзырбаев көшесі, 19-үй, 2-кеңсе, тел.: 8-727-382-25-55, тел./факс 8-727- 382-27-44 E-mail: karla_ab@rambler.ru, karla120750@gmail.com