Өзбекстанда президент сайлауы 4 желтоқсанға белгіленді

Өзбекстанда президент сайлауы 4 желтоқсанға белгіленді

Өзбекстанда президент сайлауы 4 желтоқсанға белгіленді
ашық дереккөзі
Өзбекстанда президент сайлауы 4 желтоқсанға белгіленді деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирза-Улугбек Абдусаломов.
Өзбекстан президенті сайлауына үміткерлерді ұсыну 30 қыркүйекте басталып, 20 қазанда аяқталады. 8 қыркүйекте Өзбекстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында премьер-министр Шавкат Мирзияев президент міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді. Ел Конституциясына сәйкес, президент өзінің міндетін атқара алмаға жағдайда, оның уәкілеттігі уақытша парламент сенатының төрағасына өтеді. Алайда сенат спикері Нигматилла Юлдашев тәжірибесі жоқтығын айтып, президент міндетін атқарудан бас тартты.