«Астана Марафон» қайырымдылыққа 4 миллион теңге жинады

«Астана Марафон» қайырымдылыққа 4 миллион теңге жинады

«Астана Марафон» қайырымдылыққа 4 миллион теңге жинады
ашық дереккөзі
4 қыркүйек күні Астана қайырымдылық марафоны өтті. Ауқымды жарыстарға 4352 адам қатысты, оның 28-і әлем елдерінен (АҚШ, Франция, Италия, Жапония, Австралия, Германия, Иран т.б. ) келген спортшылар, деп хабарлады шара ұйымдастырушылары. Нәтижесінде, 10 шақырымдық қашықтықта әйелдер арасында «қола» жүлдені Жақсыгүл Мұсырман, «күмісті» -  Алуа Шәймерденова (Астана), «алтын» жүлдені Мөлдір Мекенбаева (АҚШ) иеленді. 21,1 шақырым қашықтықта әйелдер арасында бірінші орынды Екатерина Шатная, ерлер арасында Ағзам Әріпжанов еншіледі. Ал 42,2 шақырымда «алтын» жүлдені әйелдер арасында Ақмарал Мейірман (3:01:05), ерлер арасында Айдын Қасен (2:38:09) жеңіп алды. Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен сыйақылар берілді. Марафонның жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгені құрады. Эстафеталық жүгіруде бірінші орынды Adidas компаниясының командасы иеленді. Жиналған барлық қаражат «Қасиетті жол», «SOS: Балалар қалашығы», «Аяла», «Аналар үйі», «BI Жұлдызай» және «One Steppe Beyond»  жобасы қайырымдылық қорларына аударылады. Барлығы 4 328 492 теңге жиналды. «Аяла» - 1 357 400 тг «SOS: балалар қалашығы» - 5200 тг «Қасиетті жол» - 428 720 тг «One Steppe Beyond» - 2 537 172 тг «Аналар үйі» - сома анықталуда «BI Жұлдызай» - сома анықталуда Барлығы: 4 328 492 тг