8 Қыркүйек 2016, 14:32 2746 0 Руханият Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Асанәлі Әшімов Алматыда өз атындағы жұлдызды жағады

9 қыркүйек күні MEGA Park СОСО ғимаратының алдында орналасқан Жұлдыздар аллеясында КСРО халық әртісі, театр және кино режиссері, сценарист Асанәлі Әшімов атындағы жұлдыздың салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Әртістің жұлдызы мәрмәр үгінділерінің композициясы, мыс, жез  секілді материалдардан жасалған. Жұлдыз көлемі: 60*60.

Ашылу рәсіміне Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының директоры Бақыт ҚАйырбеков, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының директоры Ерлан Біләл, Қазақстанның халық әртісі, «Қазақконцерт» қазақ мемлекеттік гастрольді-концерттік бірлестігінің жетекшісі Алтынбек Қоразбаев қатысады.

Ашылу рәсімінен кейін Асанәлі Әшімовтың 75 жылдығына арнап түсірілген «Зеркальных дел мастер» деректі фильмінің жабық көрсетілімі өтеді. Фильм премьерасы 2012 жылы Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында өткен еді. Алматыда фильм алғаш рет көрсетіледі.

Айта кетейік, Жұлдыздар аллеясында екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы, юниорлар арасындағы екі дүркін әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильиннің Жұлдызы жағылған еді. Одан кейін «ДОМ» қорының басшысы Аружан Саин өз Жұлдызын жақты. 2 қазан күні Жұлдыздар аллеясына Олимпиада чемпионы, Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті, Pro Team Astana велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров атындағы Жұлдыз қосылды.

Соңғы жаңалықтар