Сайлауға бірінші болып барғандарға сый-сияпат жасалады

Сайлауға бірінші болып барғандарға сый-сияпат жасалады

Сайлауға бірінші болып барғандарға сый-сияпат жасалады
ашық дереккөзі

26 сәуір еліміздің жылнамасына айрықша күн болып енері сөзсіз. Бұл – қазақстандықтардың өз көшбасшысын сайлайтын күні. Жауапты таңдау жасау кезінде әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін түсіндіру жұмыстарын Орталық сайлау комиссиясы бастап та кетті. Науқанға халықтың ықыласын арттыру үшін қолға алынатын шараның бірі − ең бірінші болып дауыс беруге келгендерге сыйлық  ұсыну.

26 сәуір күні сайлау учаскелеріне ең бірінші болып келіп, өз таңдауын жасаған адамдарға сайлау комиссиясы арнайы сыйлық дайындамақ. Бірақ қандай сыйлық екені әлі ашып айтылған жоқ. Сайлау комиссиясы өкілдерінің сөзінше, сый-сияпат мемлекеттік бюджет қаражатынан емес, демеушілер тарапынан беріледі. Демек, сыйлықтың қандай болатыны демеушілердің жомарттығына байланысты болмақ.

Қаржы бөлген жоқ. Кәсіпкерлер өздері сыйлықты дайындап, дауыс беретін учаскелерге әкеліп береді», – дейді  Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Игілік Жалбыров.

Еліміздің барлық аймағында президент сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр. Науқанға дайындық шараларына 70 мыңға жуық азамат тартылады. Әдеттегідей олардың дені мұғалімдер болмақ. Өйткені елдегі 9 мың 700 сайлау учаскесінің басым бөлігі – мектептер мен жоғары оқу орындары.