Қазан айында Елбасы Иорданияға барады

Қазан айында Елбасы Иорданияға барады

Қазан айында Елбасы Иорданияға барады
ашық дереккөзі
Алдағы қазан айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иорданияға сапармен барады. Бұл туралы елордадағы Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания Үкіметаралық комиссияның төртінші отырысында мәлім болды. «Мемлекет басшысының Иорданияға ресми сапары 2016 жылдың қазанына жоспарланып отыр»,-деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев. Атап айтқанда, сапар барысында азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларды жою саласында және лаңкестікпен, ұйымдасқан қылмыспен, есірткінің заңсыз айналымымен күрес салаларында ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылуы көзделуде.