Көпшілік назарына! Тұрғын үйдің жаңа бағыттары

Көпшілік назарына! Тұрғын үйдің жаңа бағыттары

Көпшілік назарына! Тұрғын үйдің жаңа бағыттары
ашық дереккөзі
Баспаналы болудың аулы алыс емес Таяуда ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері пәтер мәселесін шешетін тұрғын үй құрылысының сегіз бағытын атады. Бұл қолжетімді бағыттар халықаралық тәжірибе өз тиімділігін дәлелдеген жүйе. Сондықтан алдағы жылдары осы бағыттар бойынша құрылыс басталып, қарапайым жұртшылықтың баспаналы болуына септігін тигізбек. Министрлік өкілдерінің айтуынша, пәтер мәселесін шешуге бағытталған бағдарламалар мен тетіктер елімізде тұрғын үй мәселесін алдағы жылдары түбегейлі шешуге көмектеседі. Бірінші бағыт, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтар үшін салынатын жалға берілетін тұрғын. Тұрғын үйді бөлуді кезек тәртібінде жергілікті атқарушы органдардың жанындағы тұрғын үй комиссиялары жүзеге асырады. 2016 жылы 754 пәтер салу жоспарланды. Екінші бағыт, Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар мен "Бәйтерек девелопмент" АҚ-тың кредиттік тұрғын үй бере бастайды. Кредиттік тұрғын үй ҚТҚЖБ салымшылары мен жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың арасында өзара бөлінеді.  Республикалық бюджеттен қаржыландыру кезінде құрылыстың бір шаршы метрінің құны Астана және Алматы қалаларында 142,5 мың теңгені құрайды, қалған өңірлерде – 110 мың теңгені құрайды. Жергілікті атқарушы органдар облигациялар шығару есебінен қаржыландыру кезінде бір шаршы метрдің құрылысының құны Астана және Алматы қалаларында 180 мың теңгені, өңірлерде – 140 мың теңгені құрайды. Үшінші бағыт, ТҮҚЖ жүйесі арқылы іске асыру үшін "Бәйтерек девелопмент" АҚ кредиттік тұрғын үйі салынады. Кредиттік тұрғын үй банк салымшылары арасында бөлінеді. "Бәйтерек девелопмент" АҚ арқылы құрылыстың бір шаршы метрінің құны Астана және Алматы қалаларында – 200 мың теңге, өңірлерде – 180 мың теңге көлемінде болмақ. Төртінші бағыт, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салынады. Тұрғын үй ҚТҚЖБ салымшылары санынан, екі жылдан кем емес некеде тұрған және  жұбайлардың екеуінің жасы 29-ға толмаған жас отбасыларына бөлінеді. Құрылыс жергілікті атқарушы органдарымен жүргізіледі. Осы бағыт бойынша ағымдағы жылы шамамен 400 пәтер пайдалануға енгізілетін болады. Бір шаршы метрдің құны Астана және Алматы қалаларында – 142,5 мың теңге, басқа өңірлерде – 110 мың теңге болады. Бесінші бағыт, "Қазақстан Ипотекалық компаниясы" АҚ-тың жалға берілетін тұрғын үйі де халыққа қолжетімді болмақ. Тұрғын үйдің 50 пайызы 35 жасқа толмаған жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін салынады, қалған пайызы басқа кезектегілер арасына бөлінеді. Бір шаршы метрдің құны Астана және Алматы қалаларында 200 мың теңге, өңірлерде – 180 мың теңгені құрайды. Алтыншы бағыт, "Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-тың коммерциялық тұрғын үйі халықтың үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Тұрғын үй шектеусіз халықтың кез келген санатына жүзеге асырылады. 2016 жылы осы бағыт бойынша Ұлттық қордан 97 млрд. теңге бөлінді. Шамамен 11 мың пәтер салу жоспарланып отыр. Бір шаршы метрдің сату құны Астана мен Алматы қалаларында – 288 мың теңге, өңірлерде – 240 мың теңгені құрайтын болады. Жетінші бағыт, "Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй беріле бастайды. Тұрғын үй жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға кейін сатып алумен жалға немесе тікелей сатыпа алу жолымен ұсынылады. Сегізінші бағыт, "Бәйтерек Девелопмент" АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй. Бұл Тұрғын үй заңнамасымен айқындалған кезектілік тәртібінде сатып алу немесе сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй жергілікті атқарушы органдары арқылы кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Тұрғын үй заңнамасымен айқындалған кезектілік тәртібі бойынша сатып алу немесе сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. 2016 жылы жалға берілетін тұрғын үй желісі бойынша 1400 пәтердің құрылысы жоспарланып отыр. Осылайша алдағы жылдары халық бірнеше санат бойынша пәтер алуға мүмкіндік беріліп отыр.