ОҚО әкімі израилдік инвесторлармен кездесті

ОҚО әкімі израилдік инвесторлармен кездесті

ОҚО әкімі израилдік инвесторлармен кездесті
ашық дереккөзі

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов облысымызға іскерлік сапармен кел-ген израильдік «YR-Mitrelli Group» компаниясының өкілдерімен кездесті. Құ-рамында компанияның атқарушы директоры, бас менеджері, Астана банкінің өкілі және «ULLIT Eurasia» ЖШ-нің бас директорлары болған делегация мү-шелерінің басқосуында облыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, тараптардың өзара жиынында, АӨК және энергетика са-лаларына инновациялық технологияларды енгізу, «Сасықкөл» қоймасын таза-лау және хауызын жаңарту мәселелері қаралды. Мұнан бөлек, қалалық ТЭЦ-1, ТЭЦ-2 мен Шымкент қаласының әуежайын жаңғырту (модернизациялау) және ІТ технологиялар мен SMART шешімдерді өңір тіршілігіне ендіру жай-лары да айтылды.

Айта кетейік, «YR-Mitrelli Group» компаниясы Африка, Оңтүстік Аме-рика, Үндістан мен Қытай және ТМД елдерінде ірі масштабты, ұзақ мерзімді жобалардың негізін салып, әзірлеп, жүзеге асырумен айналысады. 20 жылдан астам уақыттан бері «YR-Mitrelli Group» компаниясы денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету, энергетика, білім беру, тұрғын-үй құрылысы, ауыл шаруашы-лығы, ІТ және телеком жобаларын тұрақты қамтамасыз ету жүйесі саласында әлемнің түрлі мемлекеттерінде жұмыс жасап келеді.