Ислам Кәрімов өз халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Ислам Кәрімов өз халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Ислам Кәрімов өз халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады
ашық дереккөзі
Ислам Кәрімов өз халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады, - деп хабарлайды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі. "Шын жүректен сіздерді, халқымды Өзбекстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймын, бұл тәуелсіздік еліміздің ғасырлардан тұратын тарихының жаңа бетін ашты, ол елді тоталитарлық жүйеден босатты, бізге бостандықта әрі байқуатты өмір сүруге мүмкіндік берді", - делінген құттықтауда. Кәрімовтің айтуыша, аз уақыттың ішінде Өзбекстан бір сарынды экономикасы бар, қалық әрі өз-өзін қорғай алмайтын, жағымсыз әсерін берген мақта монополиясымен, халық тұрмысы өте төмен елден бүгінде қарқынды және тұрақты дамып жатқан қуатты елге айналды, қазіргі уақытта ел әлемдік қауымдастықта лайықты орнын алып отыр. Құттықтауда Өзбекстан экономикасының алты есе өскені, жалпы ішкі өнімнің соңғы 11 жылда 8 пайыздан төмен көрсеткіште тұрғаны айтылады. Өзбекстан Президенті жетекші әрі лауазымды қызметтегі адамдарды жылдам өзгеріп жатқан кезеңде, бәсекелестік артып, әлемдік нарықта сақталып отырған тұрақсыздық пен белгісіздік жағдайында қарабайыр көзқарастар мен әдістерден, жұмыс әдістерінен бас тартуға, жаңаша ойлауға, жұмыс ұйымдастыруды көтеріп, басқару жүйесін заманауи деңгейге көтеруге шақырды. Бұған дейін Өзбекстанда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 31 тамызға белгіленген салтанатты шаралар кейінге қалдырылғаны хабарланған болатын. Ал оның алдында Өзбекстан президентінің қайтыс болғаны туралы қауесеттер тараған еді. Алайда бұл мәлімет ресми түрде нақтыланбады.