Еліміздегі егіс алқабының 70% құнарсызданып кеткен

Еліміздегі егіс алқабының 70% құнарсызданып кеткен

Еліміздегі егіс алқабының 70% құнарсызданып кеткен
ашық дереккөзі

Жердің машақаты шаруалады биылғы жылы әбігерге салуы мүмкін. Себебі, қарамағындағы жер телімін құнарландырмаған шаруа қожалықтары өз қолда барын мемлекетке қайтарып беруге мүдделі болмақ. Бұдан былай жер кодексіне енген өзгерістерге сай, мемлекет игерудегі құнарсыз жерді мәжбүрлі түрде өз меншігіне қайтарады. Одан соң жер тендер арқылы құжаттары дұрыс шаруаларға таратылмақ. Таяуда Ауыл шаруашылығы министрлігі жерлерді ұтымды пайда¬ланудың жаңа ережелерін қарастырды. Аталмыш ереже бойынша енді егістік айналымын сақтау, жайылымдарға оңтайлы жүктемені қамта¬масыз ету, топырақтың агро¬химиялық құрамын қолдау, фито¬санитариялық іс-шараларды орын¬дау, өндірістік көрсеткіштерді сақтау қарастырылған.

Жаңадан бекітілген ережелер бойынша жүктелген міндеттемелер сақталмаған жағдайда, шаруа қожалықтары жер телімдерін қайта мемлекеттің меншігіне қайтаруға мүдделі. Жер ресурс¬тарын ұтымды басқару мақсатында 2014 жылы Жер кодексіне өзгерістер ен¬гізіліп, «пайдаланылмайтын және игерілмеген жерлерді мәжбүрлеп алу жөніндегі нормаларға» қатысты талаптар күшейтілді. Осылайша, егер ауыл шаруашылығы өнімін өсіру үшін мемлекеттен жер алған¬ шаруа қожалықтары жерді 3 жылдан артық пайдаланбаса, топырақ құнар¬лығын көп тө¬мендетіп жіберсе, ол жерді арамшөп немесе ка¬рантиндік өсімдіктер басып кетсе, сол телімді мемлекет кері қайтарып алатын болады. ҚР АШМ агрохимиялық қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы директоры: «Биылғы жылы АШМ Агрохимия қызметінің респуᬬликалық ғылыми-әдістемелік орталығы 3,2 миллион гектар¬да то¬пырақтарды зерт-теп, қарайды. Оның ішінде Ақтөбе облысында 105 гектардан астам, Қос-танай облысында 777,5 гектар егістік алқаптары зерттеледі.

Оның нәтижелері бойынша біз әрбір жер пайдаланушыға топырақ құнарлығын сақтау мен арттыруға бағытталған іс-шаралар және тыңайтқыштарды қолдану жөніндегі қоры¬тын¬дылары мен ұсынымдары бар агрохимиялық очерк береміз. Әзірге осы талаптар бойынша жер учаскелерін алып қою болған жоқ. Бірақ алдағы уақытта бекітілген талаптар сақталмаса жер телімдері қайта мемлекет қарамағына өтуы мүмкін. Бұл мәселелер сот тәртібімен шешімін табатын болады», - дейді. Ерболат Бәзілжановтың сөзіне сенсек, бүгінде елімізде 24 млн 200 мың гектар егіс алқабы бар. Оның 70 пайыздан астамына жүргізілген зерттеу жердің құнарлылығы төмендеп жатқанын көрсеткен. Оның үсітне, елімізде соңғы жылдары топырақтың құ¬нарлылығы күрт төмендеп кеткендіккендігі анықталып отыр. АШМ мәліметінше, 25 жыл ішінде гумус құрамы жоғары егістік жерлер көлемі 1,6 миллион гектар¬дан 255,5 мың гектарға дейін азайды.

Қазіргі кезде Қазақстанда 24,2 мил¬лион гектар жерге егіс егіледі. Бұл ретте мемлекет 2007-2014 жылдар аралығында 17 миллион гектарда немесе егістік ал-қаптарының жалпы ауданының 70,3%-да «егістік топырағына агрохимиялық зерт¬теу жүргізген». Қорытынды көңіл көн¬шітпейді. Анықталғанындай, еліміздегі егістік алқаптарының ішінде гумус-құнары төмен топырақтар басым (72,9%). Гумус құрамы жоғары жер телімдерінің басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан облысындағы қара топырақты аймақта – небары 117,5 мың гектарда, сондай-ақ Ақмола және Шығыс Қазақстан облыс¬тарында (тиісінше 61,5 және 34,2 мың гектарда) шоғырланған. Еліміз бойынша жалпы алғанда топырақтағы азот құрамының деңгейі төмен, фосфор – орташа, калий – жоғары болып отыр. Министрлік 2020 жылға қарай минералдық тыңайтқыштарға егін шаруашылығының қажеттілігі 1 миллион 70 мың тоннаға, соның ішінде фосфорлы тыңайтқыштарға – 613,5 мың тоннаға, азотты тыңайтқыштарға – 433 мың тоннаға және калийлі тыңайтқыштарға – 23,7 мың тоннаға жететінін айтады.