Дариға Шәкімова әлемнің екі дүркін чемпионын жеңді

Дариға Шәкімова әлемнің екі дүркін чемпионын жеңді

Дариға Шәкімова әлемнің екі дүркін чемпионын жеңді
ашық дереккөзі
Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиадада бокстан Қазақстан намысын қорғап жүрген Дариға Шәкімова бірінші кездесуін жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz. 75 келі салмақ дәрежесіне дейін өнер көрсететін қазақстандық 27 жастағы боксшының 1/8 финалдағы қарсыласы әлемнің екі дүркін чемпионы 31 жастағы канадалық спортшы Ариан Фортин болды. Бірінші раундта есе (28:29) жіберген Шәкімова қалған екі раундта (29:28 және 29:28) қарсыласынан айласын асырып жеңіске жетті. Төртінші раундтың қорытындысы бойынша төрешілер қазақстандықтың пайдасына шешіп, оған 1/4  финалға жолдама берді. Олимпиада ойындарында тағы бір қазақстандық боксшы (51 келіге дейін) Жайна Шекербекова өнер көрсетеді. Оның жекпе-жегі 18 тамызға белгіленген. Дариға Шәкімова - Азияның екі дүркін чемпионы. 2015 жылы қазақстандық бокс федерациясы оны жыл боксшысы деп таныған.