Әділбек Ниязымбетов – жартылай финалда

Әділбек Ниязымбетов – жартылай финалда

Әділбек Ниязымбетов – жартылай финалда
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының жартылай финалына шықты. Ширек финалда 81 келіге дейінгі категориядағы Ниязымбетов қазақтан туған әзірбайжандық Теймур Мамедовты 3:0 (30-27, 30-27, 30-27) есебімен жеңді. Бірінші раундты сенімді түрде жеңген ақтаулық боксшы екінші раундта да басымдығын көрсете білді. Соңғы раундта да ол мықтылығын дәлелдеп берді. Ниязымбетов енді жартылай финалда Ұлыбритания боксшысы Джошуа Буатсимен жұдырықтасады. Осыған дейінгі жекпе-жегінде Гананың тумасы, 23 жастағы Буатси өзбек қарсыласын үш мәрте нокдаунға жіберген.  Ниязымбетов - Буатси жекпе-жегі 17 тамызда Астана уақыты бойынша 3:30-де басталады.