Екі авиазауыт акциясын саудаға шығарды

Екі авиазауыт акциясын саудаға шығарды

Екі авиазауыт акциясын саудаға шығарды
ашық дереккөзі
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ екі авиажөндеу зауыттарының акцияларын саудаға шығарып отыр. Азаматтық авиацияның №405 зауытының 2,67%, №406 зауыттың 3,99% акциясы сатылатын болады. Алматыда орналасқан «№ 405 авиажөндеу зауыты» АҚ-ның бастапқы бағасы - 126 899 000 теңге, Ақтөбедегі «Азаматтық авиацияның № 406 авиажөндеу зауыты» АҚ - 54 873 000 теңге. №405 зауыты Ми-8, Ми-8МТ/Ми-17, Ми8МТВ-1/Ми-17-1В типтегі тікұшақтарды жөндейді. №406 зауыт АН-2 және Як-18Т ұшақтарын, АШ-62, М-14П және ГТД-350 қозғалтқыштарын, Ми-2 тікұшақтарын, ВР-2 редукторларын жөндеуге негізделеді. Электронды аукциондар 2016 жылдың 31 тамызында өтеді, деп хабарлайды компания.