Мысырлық қыздар волейболды хиджабпен ойнады

Мысырлық қыздар волейболды хиджабпен ойнады

Мысырлық қыздар волейболды хиджабпен ойнады
ашық дереккөзі
Риода өтіп жатқан олимпиада ойындарында Мысырдың жағажай волейболы құрамасының қыздары неміс құрбыларынан 0:2 есебімен ұтылып қалды.  Мысыр бойжет­кендері ойын алаңына хиджаб секілді тігілген спорт киімімен өнер көрсетті. Құраманың Доа әл-Гобаши және Нада Мивад деп аталатын екі қызы кезекті матчқа ислам әйелдерінің жағажайда тынығулары үшін арнайы тігілген киім – буркини киіп келді. Бәлкім, олардың Германия қыздарынан жеңіліп қалуларына тар шалбармен, ұзын жеңді жейдемен ойнаудың қолайсыздығы да әсер еткен шығар. Десе де бұл киімдердің еш сөкеттігі жоқ, денеге ыңғайлы, тіпті барша мұсылман елдеріне үлгі боларлық спорт киімдерінің үлгісін көрсете алды. Яғни, хиджаб кию спорттан шектемейді. Олар осындай киіммен Олимпиялық ойындар сайыстарына қатысқан мысырлық алғашқы қыздар болды.