Мектептің қысқы маусымға дайындығына мониторинг жүргізілді

Мектептің қысқы маусымға дайындығына мониторинг жүргізілді

Мектептің қысқы маусымға дайындығына мониторинг жүргізілді
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының «Бақытты отбасы» жобасы аясында Ақтау қаласындағы орта мектептердің қысқы маусымға дайындығына мониторинг жүргізді. Аталмыш мониторинг жұмыстарына арнайы комиссия мүшелері «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары З.Т.Есбергенова, Маңғыстау облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары А.Тұржанова және қоғам белсенділері А.К.Дутбаева, К.Ж.Ешманов, А.И.Сүгірбай қатысты. мектеп Мониторинг барысында комиссия мүшелері оқу кабинеттеріндегі жылу жүйесін қарап, жұмысы барысында мектеп басшылығына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жылу жүйесіндегі бірнеше ақаулықтарды анықтап, 1 апта ішінде бір қалыпқа келтіруді тапсырды. мектеп Аталған мектептерді бір аптадан кейін арнайы инженер мамандардың қатысуымен қайта мониторинг жүргізілетіндігін атап өтті. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында қала және аудандарда да мониторинг жалғасын табады.