Маңғыстау облысында карантин жеңілдетілді

Маңғыстау облысында карантин жеңілдетілді

Маңғыстау облысында карантин жеңілдетілді
ашық дереккөзі
Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Маңғыстау облысында шектеу шаралары жеңілдетілді.  Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша сауда ойын-сауық орталықтарына және жабық базарларға сенбі күні сағат 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сондай-ақ, облыста 26 қазаннан бастап кинотеатрлар жұмыс істей бастайды, бірақ толымдылығы 30 пайыздан аспауы шарт.  Фитнес орталықтары бар спорт залдары да дәл осындай шартпен 23 қазаннан бастап жұмысын жандандыра алады. Ал балабақшалардың (олардағы кезекші топтарды қоспағанда), компьютерлік клубтардың, бильярд орындары мен ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдары мен түнгі клубтардың жұмысына әзірге рұқсат жоқ. Еске сала кетейік, Маңғыстау облысында карантин шаралары 13 қазаннан бастап күшейтілген еді. Соңғы аптада індет жұқтырғандар санының азаюына байланысты бас санитарлық дәрігер бірқатар шектеулерді алып тастады. Пандемия басталғалы облыста 3375 адамнан коронавирус анықталды. Індеттен 45 науқас көз жұмды. Ал республика бойынша індетке шалдыққандардың жалпы саны 110 мыңға жуықтады. Қатерлі вирустан 1796 адам қайтыс болды. 105 мыңнан астам адам емделір шықты.