Қарағандыда «Арай» базары өртенді

Қарағандыда «Арай» базары өртенді

Қарағандыда «Арай» базары өртенді
ашық дереккөзі
Қарағандыда түн жарымында «Арай» базары өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, 21 қазанда сағат 00:07-де Қарағанды қаласындағы «Арай» базарындағы өрт туралы хабар түскен. «Өрт сөндірушілердің оқиға орнына бару уақыты 6 минутты құрады. Келген сәтте базар аумағында контейнерлер ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Нысанның электр тоғынан ажыратылмағаны, сондай-ақ жақын тұрған басқа контейнерлерге оттың ауысу қаупінің болуымен өртті сөндіру қиындай түскен. Өрт сөндірушілер жапсарлас орналасқан контейнерлерді ашып, олардан материалдық құндылықтарды құтқарып қалды», - дейді Талғат Уәли. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД-нің 50 адамы мен 11 техникасы жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 01:23-те сөндірілді. Өрт 14 сауда контейнерінде 200 шаршы метрлік аумақты алған. Жанып жатқан контейнерлердің бірінде өрт сөндірушілер үлкен сомадағы ақшаны тауып, оны иесіне қайтарды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.