«Медеу» мен «Шымбұлақ» қашан ашылады?

«Медеу» мен «Шымбұлақ» қашан ашылады?

«Медеу» мен «Шымбұлақ» қашан ашылады?
ашық дереккөзі
Алматы бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин «Медеу» мен «Шымбұлақ» курортының карантин уақытында қалай жұмыс істейтінін айтты. Бас санитарлық дәрігер «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын ашу туралы ұсыныс түспегенін айтты. Ал «Медеу» мұз айдыны басшылығының ұсынысын қазір қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қарап жатыр. «Бұл туристік нысандарды ашуға тыйым салынатын себеп – адам көп жиналады. Бірақ мұнда ультракүлгін сәуле көп. Ол әлбетте вирусты жоюға септігін тигізеді», – деді Жандарбек Бекшин.