«Сатаевтың «Қазақфильмді» басқаруына қарсымын» – Арыстанбек Мұхамедиұлы

«Сатаевтың «Қазақфильмді» басқаруына қарсымын» – Арыстанбек Мұхамедиұлы

«Сатаевтың «Қазақфильмді» басқаруына қарсымын» – Арыстанбек Мұхамедиұлы
ашық дереккөзі
Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ұлттық кино индустриясының дамуы, режиссерлер дауы және тағы басқа өзгерістер туралы aikyn.kz сайтына берген сұхбатында Ақан Сатаевтың «Қазақфильмді» басқаруына қарсы екенін айтқан.  «Сатаев – мықты режиссер. Бірақ оның Қазақфильмді басқаруына қарсы­мын. Қазір ол өзінің бүкіл уақытын Қазақ­фильмдегі дау-дамайға құртып жатыр. Мықты режиссер мықты кино түсіруі керек. Оған киностудияның ыстық суы бар ма, коммуналдық төлемі уақытылы төленді ме, басқа да ұсақ-түйек тірлікпен айналысу қажет пе?», – дейді А.Мұхамедиұлы. Сонымен қатар экс-министр «Борат» сияқты фильмдерді тоқтату үшін не істеу керегі жөнінде өз пікірімен бөліскен. «Қазақ­фильм – кино түсіретін фабрика. Оның атқаратын өз функциясы бар. Продюсерлік орта­лықтың міндеті – инвестиция табу. Жақсы инвестиция – сапалы фильм түсірудің жолы. Әрі инвестордың өз ақшасына жаны ашиды. Сол себепті де киноның ыстық-суығына бірге көнеді. Егер біз шетелдің киноком­па­нияларын алып келіп, солармен бірлесе фильм түсірсек, одан ешкім ұтылмайды. Сонда ғана біз «Борат» сияқты фильмдерді тоқтата аламыз», – деп жауап берді А.Мұхамедиұлы.