COVID-19: Үш ай бойы үйге қамалған австралиялықтар сыртқа шықты

COVID-19: Үш ай бойы үйге қамалған австралиялықтар сыртқа шықты

COVID-19: Үш ай бойы үйге қамалған австралиялықтар сыртқа шықты
ашық дереккөзі
Австралияның Виктория штатында карантиндік шектеулер жеңілдей бастады. Індеттің ошағы саналған штат тұрғындары 3 ай бойы қатаң шектеулерді орындап, үйден 2 сағаттан артық шықпаған еді.  Бүгіннен бастап Виктория штатының орталығы Мелбьурн қаласының тұрғындары көшеде еркін жүре алады. Алайда тұрғындар үйден 25 шақырымнан артық ұзамауы тиіс. Жергілікті билік мейрамхана мен дәмханаларды ашуға асығар емес. Егер эпидемиологиялық ахуал тұрақталса, қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы 2 аптадан соң жандануы мүмкін. Австралияда коронавирусқа шалдыққандардың дені – Виктория штатының тұрғындары.  Пандемия басталғалы елде 27 мыңнан аса адамнан қатерлі вирус анықталды, 904 науқас көз жұмды. Еске сала кетейік, Италияда індеттің таралуын тоқтату үшін жаңа шектеулер енгізілді.  Жаңа тәртіп бойынша мэрлер 21:00-ден кейін қоғамдық орындарды жабу құқығына ие болады, сондай-ақ, мейрамханалардың жұмыс уақыты қысқарады. Ал Ташкентте қоғамдық көлік жолаушылары маскамен бірге қолғап та киюге міндеттелді. Көлік министрлігі автобустарда қолғап кимегендерді анықтау үшін тұрақты түрде рейдтер жүргізіп отырады.