Азық-түлікке сараптама жүргізу қажет

Азық-түлікке сараптама жүргізу қажет

Азық-түлікке сараптама жүргізу қажет
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовке азық-түлік қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болатынын баяндады деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі. «Астананың азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің аса маңызды мәселелерінің бірі – азықтық қауіпсіздік. Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің деректеріне қарағанда, 2015 жылы азық түрлеріне  10 мыңнан аса сынама жасалды. Ол сынамалардың 30,0%-ы (3,2 мың) техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеді. Атап айтқанда, сүт, сүт өнімдері 26%, ет, ет өнімдері - 15%, құс еті, құс өнімдері - 13%, кондитерлік өнімдер - 10%, балық, майлық, сөлдік және алкогольдік өнімдер - 5%», - деп хабарлады министр. «Қадағалау тексерістерінің нәтижелеріне сүйенсек, әрбір төртінші азық-түлік (25%) залалсыздығын куәландыратын құжаттарсыз сатылуда. Яғни, 3196 фактінің 796 жағдайында қандай да бір құжат жоқ», - деді әрмен қарай А.Мырзахметов. Оның айтуынша, осы себепті де, қазіргі таңдағы айналымдағы азық өнімдеріне техникалық регламенттің сақталуына тиісті бақылауды қамтамасыз ету аса маңызды. Яғни, азық өнімдеріне маркасына сәйкестілігі бойынша сараптама жүргізу қажет. «Бұл үшін лабораториялармен қамтылу, ондағы құрал-жабдықтар мен бұрмалауларды анықтайтын әдістемелерге аудит жүргізілуі тиіс. Осы мәселеге жауапты ведомствалардың өзара байланысын арттыру аса маңызды», - деп түйіндеді сөзін ол.