Праймериз: 157 мың нұротандық өз таңдауын жасады

Праймериз: 157 мың нұротандық өз таңдауын жасады

Праймериз: 157 мың нұротандық өз таңдауын жасады
ашық дереккөзі
Сағат 20.00-дегі мәліметке сәйкес республика көлемінде 157 мың нұротандық дауыс берді. «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденейдің айтуынша, бұл – «Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелгендердің бестен бірі, яғни 22%-ы.  "Ақпараттық жүйеге түскен салмақ азайған жоқ, қарбалас жалғасуда. Орташа алғанда бір мезетте 100 мыңнан астам сұраныс түсіп жатыр, яғни осынша адам бір сәтте дауыс беру үшін не дауыс беру барысын қадағалау үшін жүйеге кіріп отыр деген сөз. Жүйенің жұмысы қалыпқа түсті, бірақ барлық процестердің баяулауы байқалады. Біздің IT-мамандарымыз байланыс арналарын кеңейту және «Праймериз» жүйесінде сұраныстарды өңдеу мүмкіндіктерін арттыру бойынша тыңғылықты жұмысты одан әрі жалғастырады", - деп жазды партия хатшысы Facebook-тегі парақшасында.