Қазақстандықтардың ипотекалық қарызы қанша

Қазақстандықтардың ипотекалық қарызы қанша

Қазақстандықтардың ипотекалық қарызы қанша
ашық дереккөзі
Қазақстандықтардың ипотекалық несие бойынша қарызы 2,4 трлн теңгеге жеткен. Жалпы саны 388,6 мың несиенің 386,1 мыңы теңгемен алынса, 2,5 мыңы шетелдік валютада. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов мәлімдеді. 2015 жылдан бастап ҚР Президентінің тапсырмасымен Қазақстанда Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы қолға алынған болатын. Оған 286 млрд теңге қаражат бөлінген. «Бүгінде 27,3 мың қазақстандықтың сыйақы мөлшерлемесі 3% түсті. 7,9 мың адамның валюталық қарыздарына конвертация жасалып, олардың қарыздық жүктемесі екі есеге азайды. Әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған топқа жататын 8 мың адамның негізгі қарызы азайтылды», - деді Н. Әбдірахманов. Агенттік төрағасы орынбасарының айтуынша, қолға алынған шаралардың арқасында ипотекалық портфельдегі проблемалық несиелер 7% төмендеген.