Ғалымұрат Жүкел Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Ресми ақпаратты Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айдар Қарбозұлы растады. Ғалымұрат Жүкел 2017-2020 жылдың шілде айына дейін Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарды. Жазда өз еркімен жұмыстан кеткен болатын. Ғалымурат Жүкел 1987 жылы 4 желтоқанда Монғолия халық республикасының астанасы Ұланбатыр қаласында дүниеге келген. Үйленген. Екі баланың әкесі. Ол әр жылдары «Талдықорған», «Жетісу» газеттерінде тілші, 2014 жылы Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған.
Жүктелуде...