29 Қыркүйек, 19:18 459 0 Жаһан Бақытбек Қадыр

Парагвайдағы халық балаға түрік есімін беруге әуестене бастаған

Парагвайдағы халық балаларына түрік телехикаялары кейіпкерлерінің есімін бере бастапты, – деп жазды TRT.

Түркиялық БАҚ-тың дерегінше, түрік телехикаяларына тәнті болған Латын Америкасы елдеріндегі халық балаларына кейіпкерлердің есімін бере бастаған.

«Парагвай – түрік телехикаялары көрсетілетін Латын Америкасы елдерінің бірі. Ондағы «Registro Del Estado Civil» атты ресми ұйым өзінің твиттер-аккаунтында телехикаялардан шабыт алған азаматтардың балаларына қойылған кейбір есімдерімен бөлісті. Жергілікті тұрғындар Шехразад, Керим, Кемал, Девран және Мұстафа сияқты есімдерді балаларына қоя бастаған», – деп жазады TRT.

Соңғы жаңалықтар