27 Қыркүйек, 18:32 379 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Елордада түңгі клубтың әкімшісі қамауға алынды

Елордада түнгі клубтың әкімшісі карантинді бірнеше рет бұзғаны үшін қамауға алынды, – деп хабарлады Polisia.kz.

Түнгі сағат 1: 35-те әкімшілік учаскені айналып өту кезінде Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі қызметкерлері «Алания» түнгі клубында карантиннің бұзылғанын анықтады.

Полиция қызметкерлері түнгі клубқа кірген кезде қазіргі кездегі тыйымға қарамастан 30-ға жуық жас көңіл көтеріп жүрген.

Бұған дейін 25 жастағы түнгі клуб әкімшісіне бірнеше рет ескерту жасалып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бірақ ол мекеме қызметін жалғастыра берген.

Аталған факт бойынша түнгі клуб әкімшісіне қатысты әкімшілік материал қозғалып, ол Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралып, кінәлі деп танылды және бір тәулікке қамауға алынды.

Ережені қайталап бұзғаны үшін жиналған материал «Алматы» ауданы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жауапкершілікке тарту үшін жіберілді.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті азаматтарға ойын-сауық орындарында болу кезінде инфекция қаупі жоғары екенін ескертеді.

Сонымен қатар, карантин шараларын бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

Соңғы жаңалықтар