24 Қыркүйек, 15:54 436 0 Атажұрт Túrkistan Gazeti

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Turkistan-ға алғыс білдірді

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков елге оралған қандастар мен қиырдағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі жайында үзбей жазып жүрген халықаралық Turkistan газетінің ұжымына Алғыс хат жолдады.

Turkistan газеті жыл басынан бері қандастарымызды толған­дырып жүрген өзекті мәселелерді қозғап, жетістіктерін саралайтын «Атажұрт» жобасын тұрақты жүр­гізіп, көпшіліктің алғысына бө­ле­ніп келеді. Сонымен қатар ел­ден жырақ тұратын ғылым, білім, тех­нология және мәдениет сала­сын­да елеулі жетістіктерге жет­кен қазақтар туралы да ма­териал­дар­ды тұрақты жариялауда. Осы­ған орай, Дүниежүзі қазақ­та­ры­ның қауымдастығы ұйым­дас­тырған іс-шараларға белсенді қа­тысып, қолдау көрсеткен Turkistan апталығына алғыс біл­ді­ріп, газет ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.

 

Соңғы жаңалықтар