20 Қыркүйек, 12:44 31973 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Қарашадан бастап Лукашенко Беларусь басшысы ретінде мойындалмауы тиіс — Еуропарламент

Беларусь президенті Александр Лукашенко 5 қарашадан бастап елдің ресми басшысы ретінде мойындалмауы тиіс. Бұл туралы Еуропарламент депутаттары мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

«5 қарашада қазіргі авторитарлық көшбасшы Александр Лукашенконың өкілеттік мерзімі аяқталғанда парламент оны Беларусь президенті деп мойындауды тоқтатады», - делінген заң шығарушы орган мәлімдемесінде. Лукашенконы ұлықтау рәсімі 2015 жылдың  5 қарашасында өткен болатын. Демек, 2020 жылдың 5 қарашасында оның бесінші президенттік мерзімі аяқталмақ.

Бұған дейін Еуропарламент Лукашенкоға қарсы санкциялардың енгізілуін қолдаған еді. «Белоруссиядағы сайлау нәтижелерінің бұрмалануына жауапты тұлғаларға, оның ішінде Александр Лукашенкоға қарсы Еуроодақ санкцияларын толық қолдаймыз», - делінген Еуропарламент құжатында. Соңғы шешімді Еуроодақ қабылдамақ.

Айта кетейік, Беларусьта 9 тамызда өткен президент сайлауынан кейін наразылық шерулері толастамай келеді. Наразы топ сайлау нәтижелерінің дұрыстығына, яғни Александр Лукашенконың 80 пайыздан астам дауыс жинағанына сенбейді.

Соңғы жаңалықтар