17 Қыркүйек, 14:08 377 0 Әдебиет Анар ЛЕПЕСОВА

Әл-Фараби жайлы үздік эссе байқауы жарияланды

Шығармалар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Нұр-Сұлтан қаласының дін істері мәселелерін зерттеу орталығы "Қайырымды қала тұрғындары" тақырыбында үздік эссе байқауының басталғанын жариялады. Шара ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында өтуде.

Байқауға елордалық мектеп оқушылары (8-11 сыныптар) және жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатыса алады. Қатысу тегін және ерікті түрде. Жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Мектеп оқушылары үшін эссе көлемі кемінде 2 бет, ал жоғары оқу орындары мен колледж студенттері үшін А4 форматында кем дегенде 3 бет.

"Қатысушылар жұмыстарын өздері таңдаған тақырып бойынша ұсына алады. Мысалы, "Әл-Фарабидің өмірбаяны", "Ұлы ойшылдың рухани мұрасы", "Әл-Фарабидің ғылыми және шығармашылық жұмыстары", "Әл-Фарабидің әлемдік ғылымға қосқан үлесі", "Әл-Фараби идеяларының қазіргі қоғам үшін өзектілігі". Жұмыстар 17-27 қыркүйек аралығында қабылданады", делінген хабарламада.

Жұмыстарды бағалау және жүлделі орындарды анықтау 27-29 қыркүйек аралығында, жеңімпаздарды марапаттау және сыйлықтарды ұсыну 29-30 қыркүйек аралығында өтеді деп күтілуде.

Бірінші орынға сыйлық - ноутбук, екінші орынға - планшет, үшінші орынға - смартфон.

 

Соңғы жаңалықтар