17 Қыркүйек, 10:07 4399 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Өзбекстандық мұғалімдер жаппай індет жұқтырып, мектептер жабылды

Өзбекстанда мұғалімдердің жаппай коронавирус жұқтыруы салдарынан мектептер қайта жабылды. Ташкентте екі мектептің жұмысы тоқтатылды.

Апта басында Өзбекстанда жаңа оқу жылы басталған еді. Елдегі 6 млн шәкірттің тең жартысы дәстүрлі оқу форматын таңдаса, жартысы сабаққа онлайн қатысуды жөн көрген. Мектептердің жұмысы басталмас бұрын мемлекеттегі барлық мұғалім коронавирустың тест тапсырды.  Тест қорытындысы бойынша Самарқанд облысында 250-ге тарта, Бұқара өңірінде 200-ден астам, ал Әндіжан аймағында 50 шақты ұстаздың індет жұқтырғаны белгілі болды. Салдарынан мектептерді қашықтан оқу форматына көшіруге тура келді.

Пандемия басталғалы Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 49 мыңнан асты. Елде індеттен 407 науқас көз жұмды.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 74 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 107 мыңнан асты. Індет құрбандарының саны 1671-ге жетті.

Соңғы жаңалықтар