Праймериз: Қостанайда 164 пікірсайыс өткізіледі

Праймериз: Қостанайда 164 пікірсайыс өткізіледі

Праймериз: Қостанайда 164 пікірсайыс өткізіледі
ашық дереккөзі
Қостанай қаласынан праймеризге қатысушылардың екінші легі аясында Жастар сарайы қабырғасында қоғамдық пікірталастар өтті. Облыста партияішілік іріктеудің үгіт кезеңінде 164 пікірсайыс өткізу жоспарланған. Праймеризге қатысушылардың жалпы саны - 833 адам. Олардың барлығына қоғамдық пікірсайысқа қатысуға рұқсат етілді. Алғашқы жарыссөз 14 қыркүйекте облыс орталығында өтті. Пікірсайыс екі раундта өтеді: бірінші раундта үміткерлер өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен таныстырады, ал екінші раундта «сұрақ-жауап» сессиясына қатысады.⠀ ⠀«Қатысушылардың әрқайсысының өз сайлауалды бағдарламасы дайын. Үгіт-насихат жұмыстарының барысы туралы олар ұйымдастыру комитетіне хабардар етеді, материалдарды www.primaries.kz сайтта немесе арнайы мобильді қосымшада орналастырады. Олармен кез келген партия мүшесі таныса алады. Қазіргі таңда біздің қатысушылар әртүрлі қауым өкілдерімен кездесу өткізуде,сондай-ақ облыстық филиалдң әлеуметтік желілеріндегі парақшада тікелей эфирде көрсетілетін қоғамдық пікірталасқа да қатысуда. », - деп түсіндірді партияның  Қостанай қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Ахметчин.⠀  width= Айта кетейік, пікірсайыс әр үміткер үшін, үгіт-насихат жұмыстарының міндетті шарты. Пікірсайыс онлайн дауыс беру басталардан бір күн бұрын – 30 қыркүйекте аяқталады.