Бейрутта тағы да апат: Жаңадан салынып жатқан сауда кешені өртенді

Бейрутта тағы да апат: Жаңадан салынып жатқан сауда кешені өртенді

Бейрутта тағы да апат: Жаңадан салынып жатқан сауда кешені өртенді
ашық дереккөзі
Ливан астанасында тағы да төтенше жағдай болды. Бейрут орталығында жаңадан салынып жатқан сауда кешені отқа оранды. «Аль-Арабия» телеарнасының хабарлауынша, ғимарат құрылысы атақты британ-ирак сәулетшісі Заха Хадидтің жобасы бойынша жүргізіліп жатқан. Сауда кешені бірнеше жыл бойы салынып, құрылысы аяқталуға жақын қалған көрінеді. Абырой болғанда өрт сөндірушілер тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтап үлгерген. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Еске сала кетейік, 4 тамызда Бейруттағы портта жойқын жарылыс болып, 158 адам қаза тапты, 5 мыңнан аса адам зардап шекті. Жарылыс кесірінен 250 мыңға жуық тұрғын баспанасыз қалды. Астық қорының 85 проценті жойылды.  Апат онсыз да экономикалық дағдарысты бастан кешіріп жатқан мемлекет үшін үлкен соққы болды. Апат салдарынан порт жойылып, сан мыңдаған үй қирап қана қоймай, үлкен кратер пайда болды. Мамандардың есептеуінше, оның тереңдігі 43 метр.