Қарулы Күштерде «Алдаспан-2020» командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

Қарулы Күштерде «Алдаспан-2020» командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

Қарулы Күштерде «Алдаспан-2020» командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
ашық дереккөзі
Қарулы Күштерде «Алдаспан-2020» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Оқу-жаттығуға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының, Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Әскери-әуе күштерінің басқару органдары мен әскери бөлімдері тартылды. Әскер оқу-жаттығу дабылымен көтеріліп, штаттық техникамен Жамбыл облысында орналасқан «Мәтібұлақ» полигонына барды. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес кезінде бірлескен іс-қимылдарды пысықтау. Әскери маневрлер ауданына келген әскерлер тобы, жергілікті жерді барлауды жүзеге асыруы, оқу-жаттығу жауынгерлік міндетін алуы, шартты қарсыласты анықтауы, сондай-ақ дағдарыс ауданында тұрақтылықты қалпына келтіру бойынша арнайы операция жүргізуге тиіс. Оқу-жаттығу барысында заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресте өзінің тиімділігін көрсеткен танк бөлімшелері мен әскери авиация күштерін қолданудың жаңа нысандары мен әдістерін пайдалану жоспарлануда. Оқу-жаттығу 23 қыркүйекке дейін жалғасады.