Бельгиялық дәрігерлер ереуілге шықты

Бельгиялық дәрігерлер ереуілге шықты

Бельгиялық дәрігерлер ереуілге шықты
ашық дереккөзі
Брюссельде медицина қызметкерлері ереуілге шықты. Наразылық акциясына қатысушылар жергілікті биліктің жұмысын сынға алып, денсаулық сақтау саласындағы былықтарды жайып салды. Бельгиялық дәрігерлердің айтуынша, коронавирус пандемиясы ел медицинасының әлсіз тұсын әшкереледі. Төмен жалақы, қорғану құралдары мен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі індетпен күрес жұмыстарын ақсатты дейді олар. Мәселен, медбикелердің жалақысы 1994 жылдан бері көтерілмеген. Ереуілге шыққандардың ең басты талабы да – осы, жалақымыз көтерілсе, қоғам еңбегімізге құрметпен қараса дейді. Коронавирусты анықтайтын тест тапшылығы салдарынан Бельгияда қатерлі вирустың таралу қарқыны артқан.  Шілде айының ортасынан бері мемлекетте індет жұқтырушылар саны күрт өсіпті.  Бүгінде күн сайын 900-ден астам адамнан коронавирус анықталуда. Ал пандемия басталғалы 93 мыңнан астам адам індет жұқтырған. Науқастардың 10 мыңға жуығы көз жұмды.