Мұнай бағасы көтерілді

Мұнай бағасы көтерілді

Мұнай бағасы көтерілді
ашық дереккөзі
14 қыркүйекте өткен сауда қорытындысына сәйкес, эталон маркалы мұнай құны сәл қымбаттады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.  WTI сұрыпты мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 0,54%-ға өсіп, баррелі 37,53 доллар болды. Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 0,28%-ға көтеріліп, 39,94 долларға дейін жетті. Мұндай динамикаға әсер еткен фактор – Мексика шығанағындағы сұрапыл дауыл салдарынан компаниялардың өндірісті уақытша тоқтатуы. Сонымен қатар ұсыным шамадан тыс көп болады және сұраныс, керісінше, азаяды деген болжам да нарыққа ықпалын тигізіп отыр.  Еске сала кетейік, ОПЕК+ елдері 17 қыркүйекте кездесу өткізіп, келісім шарттарын талқылауға уағдаласқан еді. Бірқатар сарапшының пікірінше, бұл отырысқа қарамастан алдағы уақытта мұнай өндірісі қысқартылмауы мүмкін.