АҚШ компаниясы Беларусьтағы сайттарды бұғаттау жұмысына қатысқан

АҚШ компаниясы Беларусьтағы сайттарды бұғаттау жұмысына қатысқан

АҚШ компаниясы Беларусьтағы сайттарды бұғаттау жұмысына қатысқан
ашық дереккөзі
Америкалық Sandvine компаниясы Беларусьқа президент сайлауы кезінде сайттарды бұғаттау технологиясын ұсынған. Бұл туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасап Bloomberg хабарлады. АҚШ компаниясының өкілдері елдің ресми тұлғаларымен жеке кездескен көрінеді. Кейіннен Минск қаласына қажетті құрылғы жеткізілген. Sandvine-дағылар Bloomberg-ке аталған дерекке қатысты пікір білдіруден бас тартқан. Белоруссияның ішкі істер министрлігі де агенттіктің сауалына жауап бермепті. 9 тамызда өткен президент сайлауы кезінде мемлекеттің барлық өңірінде интернеттің жұмысы нашарлаған болатын. Байланыстың нашарлығынан мемлекеттік органдардың сайттары ашылған жоқ, іздеу жүйелері, YouTubе және мессенджерлер де жұмыс істемеді. Минскте мобильді интернет пен әлеуметтік желілердің жұмысы тек 12 тамызда жанданды. Беларусьтың байланыс және ақпараттандыру министрлігінің хабарлауынша, «елдегі операторлардың байланыс желілері инфрақұрылымына жасалған түрлі кибершабуылдар салдарынан 9-11 тамыз аралығында абоненттердің интернет ресурстарын пайдалануы айтарлықтай шектелген». Бұдан бөлек, Белоруссияның ұялы байланыс операторларының бірі мемлекеттік органдардың талабы бойынша өзінің 3G-желісінің жұмысын бірнеше мәрте тежегені белгілі болды.