Қазақстан 7 мемлекетке астық экспорттайды

Қазақстан 7 мемлекетке астық экспорттайды

Қазақстан 7 мемлекетке астық экспорттайды
ашық дереккөзі
Биыл ел қамбаларына 18 млн тонна астық құйылады деп болжанып отыр. Қазіргі кезде 11,5 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді. Министрдің сөзінше,  биыл еліміздің 7-8 млн тонна көлемінде астық пен ұн экспорттайтын әлеуеті бар. Сапархан Омаров Қазақстан қай елдерге астық тасымалдайтынын айтты. «Экспорт бағытында біздің негізгі серіктес елдер қамтылады, яғни Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Ауғанстан мен Иран мемлекеттеріне тасымалданады. Қытайға астық пен ұн экспорты көлемін арттыруды жоспарлап отырмыз», - деді министр.