Әлемде коронавирустан қанша дәрігер көз жұмды — Amnesty International дерегі

Әлемде коронавирустан қанша дәрігер көз жұмды — Amnesty International дерегі

Әлемде коронавирустан қанша дәрігер көз жұмды — Amnesty International дерегі
ашық дереккөзі
Халықаралық Amnesty International үкіметтік емес ұйымының хабарлауынша, әлемде кемінде жеті мың медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған. Ұйым алдыңғы шепте індетпен күресіп жүрген адамдарда қорғаныш құралдары жеткілікті болуы қажет деп санайды. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. "Денсаулық сақтау саласындағы кез келген қызметкердің қауіпсіз ортада жұмыс істеуіне құқығы бар. Пандемия басталған уақыттан бері қаншама ай өтсе де, Мексика, Бразилия, АҚШ сияқты елдерде медицина қызметкерлері әлі күнге дейін адам қорқатын темппен өліп жатыр. Ал Оңтүстік Африка мен Үндістанда инфекцияның жылдам тарауы мемлекеттерге қажетті шара қолдану керек екенін көрсетіп отыр", - дейді ұйымның экономикалық және әлеуметтік әділет жөніндегі басшысы Стив Кокберн. Мексикада індет кезінде 1320 медицина қызметкері қаза болған. 610 мыңнан астам адамға вирус жұққан және коронавирустан 66 мың адам қайтыс болған. Әлемде 97 632 медицина қызметкеріне коронавирус жұққан. Amnesty International ұйымының мәліметінше, коронавирустан көбірек зардап шеккен елдердегі дәрігерлер өлімі көрсеткіші төмендегідей: АҚШ — 1 077 медицина қызметкері; Ұлыбритания — 649; Бразилия — 634; Ресей — 631; Үндістан — 573; Оңтүстік Африка — 240; Иран — 164. Amnesty International коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің саны қатты азайтылып көрсетіледі деп санайды.