«Nur Otan» партиясы Бауыржан Момышұлы ауылына су құбырын тартып берді

«Nur Otan» партиясы Бауыржан Момышұлы ауылына су құбырын тартып берді

«Nur Otan» партиясы Бауыржан Момышұлы ауылына су құбырын тартып берді
ашық дереккөзі
Қайсы ел болса да ең үлкен проблеманың бірі – ауыз су. Дегенмен елімізде соңғы жылдары тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жолында көптеген жобалар іске асып, жақсы нәтижелерге қол жетіп жатқаны белгілі. Бұдан біраз бұрын Жамбыл облысы, Жуалы ауданы «Nur Otan» партиясының аудандық бөлімшесіне осы аудандағы Бауыржан Момышұлы ауылы Бірлік көшесінің тұрғындары көшеге су құбырын тарту туралы өтінішін білдірген болатын. Өйткені Бірлік көшесінде осы кезге дейін ауыз беретін су құбырлары тартылмақ түгілі, егін егуге қажетті су да болмаған. Тұрғындардың өтінішімен танысқан Жуалы ауданы әкімінің орынбасары мен Жуалы су шаруашылығы басшысы бұл проблеманы шешуге бел шеше кірісіп, көп уақыт созбай осы көшеге ауыз су құбырын тартып беріп, ауыз судан қиындық көріп отырған елдің алғысын алды. Осылайша, Бауыржан Момышұлы ауылының Бірлік көшесіндегі әр үйге су құбырлары жеткізіліп, тұрғындар ауыз сумен толық қамтамасыз етілді. Тұрғындар мәселенің тез шешілуіне көмегін тигізген «Nur Otan» партиясы қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.